Кузикеев Марат Оразұлы
Медицина ғылымдарының докторы
профессор
онкохирург
паллиативті онкохирург
абдоминалды онкология саласында 35 жылдан астам тәжірибесі бар дәрігер
Онкологиялық дерті бар науқастарға диагноз қою, кеңес беру және емдеу барысын бақылау
Клиникалық тәжірибесі - 35 жылдан асады.
- Алматы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында,
- сондай-ақ қаланың бірқатар ірі мемлекеттік және жекеменшік медициналық орталықтарында («Сұңқар», «R-Klinik» және т.б.) қызмет атқарған.
Күрделі ота жасауда мол тәжірибесі бар
Асқазанды толық алып тастау (гастрэктомия) және асқазан-ішек жолын бір мезетте қайта қалпына келтіру секілді жоғары технологиялы оталарды, сондай-ақ бауырдағы метастазға хирургиялық ем жүргізеді.
Асқазан-ішек жолы ісіктерін емдеудің білікті маманы
Абдоминалды онкология және асқазан-ішек жолы ағзаларына жасалатын жоғары технологиялы оталар саласындағы еліміздің жетекші онкохирургтерінің бірі.
Әр науқасқа жеке көзқарас
Жұмыс барысында емдеу жолын даралап айқындауды қажет ететін күрделі клиникалық жағдайға айрықша мән береді. Мұндайда жоғары технологиялы хирургиялық тәсіл мен әр пациенттің жағдайына сай шешім қолданады.
Онколог кеңесі қай уақытта қажет?
Асқазан-ішек жолындағы ісікке күдік болса маманға дереу көрінген жөн.
- Ішіңіз ауырса
- Себепсіз салмақ жоғалтсаңыз
- Ас қорытуыңыз бұзылса
- Нәжісте қан байқасаңыз
- Ұзаққа созылған әлсіздік орын алса
- Дене мүшелерінде жаңа түзіліс анықтасаңыз
- Тексеру нәтижелерінде өзгерістер болса
- Асқазан-ішек жолындағы ісікке күдік болса маманға дереу көрінген жөн.
Дертті ерте анықтау емнің нәтижелілігін арттырып, сауығу мүмкіндігін арттырады.
Дәрігер Кузикеев Марат Оразұлы туралы
Кузикеев Марат Оразұлы - қазақстандық онколог-дәрігер, онкохирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор, абдоминалды онкология саласындағы білікті маман.
Ол құрсақ қуысы ағзаларындағы онкологиялық дертті анықтау және хирургиялық жолмен емдеуге маманданған. Атап айтқанда, асқазан, ішек, бауыр және асқазан-ішек жолының өзге де ағзаларындағы ісіктерді емдейді.
Клиникалық тәжірибесі - 30 жылдан асады. Ұзақ жылдар бойы Алматы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының абдоминалды онкология орталығын басқарған.
Пациенттер дәрігердің кәсіби біліктілігін, әр науқасқа мұқият қарауын және күрделі жағдайда ұтымды шешім қабылдай білетінін ерекше атап өтеді.
X съезд Онкологов и Радиологов 2026
ОПИСАНИЕ ОПЕРАТИВНОГО И ДИАГНОСТИЧЕСКОГО
ВМЕШАТЕЛЬСТВА
РАДИОЧАСТОТНАЯ АБЛЯЦИЯ ОПУХОЛЕЙ ЛЕГКИХ
Негізгі емдеу бағыттары

1. Абдоминалды онкология
Құрсақ қуысы ағзаларындағы ісікті анықтау және хирургиялық емдеу

2. Күрделі клиникалық жағдайлар
Дерті асқынған және ауыр жағдайдағы пациенттерге көмек

3. Асқазан онкохирургиясы
Асқазанның қатерлі және қатерсіз ісіктерін емдеу

4. Ұйқы безі онкохирургиясы
Ұйқы безі қатерлі және қатерсіз ісіктерін емдеудің заманауи тәсілдері

5. Ішек онкологиясы
Тоқ ішек және тік ішек ісіктерін заманауи емдеу тәсілдері

7. Бауыр онкологиясы
Бауыр ісігі бойынша кеңес беру және хирургиялық емдеу

8. Онкологтың екінші пікірі
Қойылған диагнозға, тексеру қорытындысына және ұсынылған ем жолына тәуелсіз баға беру
ҚЫЗМЕТТЕР

Онкохирургиялық емдеу
Асқазан-ішек жолы ағзаларының онкологиялық дерті кезінде ота жасау

Отаға дейінгі дайындық
Науқастың жағдайын жан-жақты бағалап, хирургиялық емге дайындау

Отадан кейінгі бақылау
Қалпына келу барысын қадағалап, кейінгі ем бойынша бағыт-бағдар беру

Кеңес беру
Алматыда жеке қабылдау немесе қашықтан кеңес беру
Онкохирургтің екінші пікірі не үшін қажет?
Екінші пікір емдеу жолын жан-жақты саралап, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Егер пациентке диагноз қойылып, ота ұсынылған болса, дәрігер таңдалған ем жолының дұрыстығын бағалап, мүмкін емдеу жолдарын және ота жасау мүмкіндігін саралап береді. Мұндай қабылдау барысында тексеру қорытындысына, дәрігерлік тұжырым және осыған дейінгі емге тәуелсіз баға беріледі.
Профессор Кузикеев Марат Оразұлы асқазан-ішек жолы ағзаларындағы кең таралған әрі асқынған онкологиялық дерттерді емдеуде мол тәжірибеге ие. Қабылдау кезінде медициналық құжат, компьютерлік томография мен магниттік-резонанстық томография қорытындылары, талдау нәтижесі және ауру тарихы мұқият зерделенеді.
Қажет болған жағдайда пациентке:
- қосымша тексеруден өту
- хирургиялық емдеудің заманауи тәсілдері
- алдағы ем жоспары бойынша ұсыным беріледі
Қабылдауға жазылу
Кузикеев Марат Оразұлы пациенттерді
Алматы қаласы, Әшірбек Сығай көшесі, 102 мекенжайы бойынша қабылдайды
Қабылдауға жазылу, уақытты нақтылау және қосымша мәлімет алу үшін мына телефон нөміріне хабарласыңыз:
Кеңес алу үшін алдын ала жазылыңыз.
Қабылдауға өзіңізбен тексеру қорытындыларын, талдау нәтижелерін, КТ мен МРТ және медициналық үзінді көшірмелерін ала келген жөн.